Ұлытау

Балалардың бал мекені

    Егемен елдің пәк жүректі, ақкөңіл бүлдіршіндерінің балалық шақтарының куәсі болған «Айгөлек» балабақшасына биыл 11 жыл толып отыр.

   Келешектің келісті болуы, ұрпақтың ой-өрісін дамытып, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу жолында балабақшаның маңызы зор. Жезді кентінде «Айгөлек» балабақшасы 2005 жылы «Балапан» бағдарламасы аясында құрылды.

   Жалпы балабақшада бүлдіршіндер жас ерекшеліктеріне сай, топ-топпен қабылданып, жаңа мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының стандартына сай жұмыс істеп келеді. Балабақшадағы әрбір маман иесі өз ісіне тыңғылықты, жауапкершілікпен қарап, балалардың шығармашылықтарын дамытуда үлкен үлес қосып келеді.

    Жақында Жезді кентінің мәдени-сауық орталығында «Айгөлек» балабақшасының 11 жылдық мерейтойына арналған концерттік бағдарлама өтті. Жезді кенті әкімі Б.Нұрбалаев пен аудандық кәсіподақ төрағасы Ш.Үмбетовке, Жезді кенті әйелдер қоғамының төрайымы Қ.Камаловаға, Жезді кенті мәдени-сауық орталығы директоры басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Смағұлов құттықтау лебізін білдірді. Құттықтау сөзден кейін балабақша түлектері мен қазіргі тәрбиеленушілері сахна төріне шығып «Айгөлек» флеш-моб биін билеп, одан әрі «Ақ көгершін», «Әрқашан күн сөнбесін» әндерін орындады.

    Бүлдіршіндер әндеріне көрермендер зор ықыласпен қошемет көрсетті. Кеш соңында бірқатар балабақша қызметкерлері Құрмет грамотасымен, Алғыс хатпен марапатталды.

    Қонақтар «Айгөлек» балабақшасының ұжымына еңбекте жеміс тіледі.

Жаннұр АЙНАБЕКҚЫЗЫ.

ҰЛЫТАУ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button