Басты тақырыпПоэзия

Балаларға берейікші жер шарын!

Балаларға берейікші жер шарын,

Ең болмаса бір күнге.

Берейікші, боялған доп құсатып,

Ең болмаса бір күнге.

Ойнасыншы құмарлары қанғанша,

Жұлдыздардың арасында ән салсын.

Берейікші, қызыл күрең алма ғып –

Күлсін, тістеп, тамсансын.

Балаларға берейікші жер шарын,

Ең болмаса бір күнге.

Білсінші жер адалдықтың құдіретін

Ең болмаса бір күнге.

Алсыншы олар біздің қолдан

жер шарын…

Мен осыны аңсай-аңсай шаршадым.

Назым ХИКМЕТ,

аударған

Жұмекен НӘЖІМЕДЕНОВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button