Бас тақырып

Балабақшада ағылшын тілі оқытылмауы мүмкін

Кеше Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектепке дейінгі білім беру бағдарламасынан ағылшын тілін оқытуды алып тастау жоспарланғанын, сондай-ақ, тәрбиешілердің еңбекақысын көтеру ескерілгені жайлы айтты.

Білім беруді және ғылымды дамытуға қатысты 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламаның іске асу барысына тоқталған министр «Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасынан ағылшын тілін оқытуды алып тастау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, тәрбиешілердің еңбекақысын көтеру ескерілген», – деді. Сондай-ақ, министр 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту үлесі 95,2%-ға ұлғайғандығын атады.

– Мектепке дейінгі білім беру – оқыту мен өздігінен білім алудың ұзын сатысындағы алғашқы кезең. Бала өміріндегі бұл кезеңді бағалауымыз керек екенін бәріміз түсінеміз. Өйткені, 6-7 жасқа қарай оның білімі мен дағдыларының қалыптасуы баланың мектепте одан әрі қалай оқитындығына байланысты. Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде мектепке дейінгі ұйымдар желісі 1,7 мың бірлікке артып, 10 558 адамды құрады, – деді А.Аймағамбетов.

 Сондай-ақ, министр мектепке дейінгі ұйымдарда орын беру тәртібін реттеу бойынша бірқатар шара қабылданғанын тілге тиек етті.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button