АймақБалқаш

Бала бейсауат жүрмеуі тиіс

Жуырда кәмелетке толмағандар тарапынан қылмыстың алдын алу мақсатында Балқаш қаласында «Түнгі қаладағы балалар» және «Қамқор» рейдтік шарасы өтті.

Сурет osken-onir.kz

Балқаш қаласының білім бөлімі өкілдерінің айтуынша, аталған іс-шараға Балқаш қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПТ мемлекеттік заңды тұлғаның 2 қызметкері, Балқаш қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының хатшысы, білім бөлімі және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің мамандары қатысқан.

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қадағалаусыз және панасыз қалудың, балалар еңбегін қанаудың алдын алу аясында 92 рейд жүргізілді, оның ішінде, саяжай шаруашылығына – 35, үйлердің жертөлелеріне – 24, теміржол және автовокзалдарға – 2, ойын-сауық мекемелеріне – 6, 2 – компьютер салонына, дүкендерге – 16, қалалық базарға – 1, жанар-жағармай құю бекеттері мен көлік жуу орындарына – 6 рейд.

Сондай-ақ, тұрғылықты жері бойынша Балқаш қаласының ІІБ мемлекеттік заң бөлімшесінде есепте тұрған 8 тұрмысы нашар отбасы тексеріліп, олармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізілген.

Мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері түнгі уақытта жастар аймақтарын аралап шықты. Сағат 23:15-те 8 сынып оқушысы, 23:35-те Абай көшесіндегі «Зере» сауда үйінің маңында 8 сынып оқушысы ұсталып, заңды өкілдеріне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Нұрдос КӘРІМ,
БАЛҚАШ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button