Спорт

Балқаштықтар Әлем чемпионатында жеңіске жетті

Жапония астанасы Токиода каратэден Әлем чемпионаты өтті. Аталмыш турнирге ел намысын 20 спортшы қорғады. Соның ішінде балқаштық Дарья Ли мен Дамир Кузнецов қоңыр белбеудің иегерлері атанды.

Суреттер: Балқаш қаласы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Дарья Ли Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейдің оқушысы. Спорттың осы түрімен шұғылданып жүргеніне төрт жылдан астам уақыт өткен. Ол аталмыш чемпионатта ақтық кезеңге дейін Жапония мен Солтүстік Африкадан келген қарсыластарын жеңген. Ал, финалда австралиялық спортшыны тізе бүктіріп, қоңыр белбеудің иегері атанды.

Ал, Дамир Кузнецов Германия мен Ирландия елінен келген спортшылардан басым түскен.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button