Облыстың экология департаменті Балқаш қаласының полиция бөлімімен бірлесіп Алматы-Екатеринбург автожолы аумағында рейд жүргізді. Нәтижесінде шина қалдықтарын рұқсат етілмеген жерге жинаған шағын және орта бизнес өкілдері анықталды. Бұл заң бұзушылық деп танылып, кәсіпорын иесіне хаттама толтырылды.
Рейд нәтижесі бойынша «Балқаш» дәмханасының иесі Шотбай Тоғызбайұлына, «Мираж» дәмханасының иесі Нүргүл Назикенқызына, «Сары Арқа» дәмханасының иесі Мария Қажығалиқызына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 1-бөлігі бойынша, әкімшілік хаттама толтырылып, түсініктеме алынды.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz