Қарағанды облысының өкілдері Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы отырысына қатысады
Қарағанды облысының Қазақстан Халық Кеңесіне мүше өкілдері алғашқы отырысқа қатысу үшін Астана қаласына келді.

Өңір атынан Кеңес құрамына азаматтық қоғам, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар және қоғамдық сала өкілдері кірді.
Алғашқы отырыс барысында Қазақстан Халық Кеңесінің жұмысына қатысты негізгі бағыттар талқыланып, қоғамның түрлі топтарының пікірлері мен ұсыныстарын ортақ алаңда қарастыру мәселелері сөз болады.
Қарағанды облысының өкілдері өңірдегі қоғамдық бастамаларды, азаматтық қоғамның ұсыныстарын және тұрғындарды толғандыратын мәселелерді Кеңес жұмысы аясында көтеруге мүмкіндік алады.
Айта кеткен жөн, Қазақстан Халық Кеңесі қоғамдық диалогты дамытуға, азаматтық қоғам өкілдерінің өзара байланысын нығайтуға және елдің қоғамдық өміріне қатысты маңызды мәселелерді талқылауға бағытталған алаң ретінде жұмыс істейді.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



