«БалқашTourfest – 2023» фестивалі басталды
Бүгін Балқаш қаласының Ақшағыл (Рембаза) кентінің жағажайында Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен «БалқашTourfest – 2023» фестивалі жалауын желбіретті.
Салауатты өмір салтын насихаттап, аймақтық туризиді дамытуды мақсат еткен аталмыш фестиваль 2 күнге созылады деп жоспарлануда.
Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық демалыс және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан шара Балқаш курорттық аймағының туристік әлеуетін дамытуға тың серпін бермек.
Фестивалге Балқаш, Приозерск қалалары мен Ақтоғай және Шет аудандарынан 100-ге жуық белсенді жастар қатысуда.
Шараға қатысушылар үшін йога және зумба нұсқаушыларынан таңертеңгілік жаттығулар, конкурстар, тимбилдингтер, жағажай спорты, от жанындағы әндер ұйымдастырылған. Сонымен қатар, танымал музыканттар, өнер майталмандары, заманауи би топтары өнерлерін ортаға салмақ.
Аталмыш фестиваль туралы толық ақпаратты газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ,
ortalyq.kz