Балқаштағы №1 емханаға заманауи электроэнцефалография аппараты орнатылды

Бұл жабдық арқылы науқас сырқатының миға әсерін және мидағы аурулар туралы ақпаратты нақты анықтауға болады. Құны 9,5 млн. теңге тұратын медициналық құрылғы Ресейде жасалған.

Бұл ЭЭГ көбінесе эпилепсия дертіне шалдыққандарды тексеруге және бастағы ауру түрлерінің дамуын тежеуге мүмкіндік береді. Бұл біздің өңір бойынша алынған алғашқы электроэнцефалография аппараты, – дейді №1 емхана өкілдері. Айта кетейік, жаңа медициналық жабдықтың қызметіне Балқаш қаласынан бөлек, Приозерск қаласының және Саяқ, Гүлшат кенттерінің тұрғындары жүгіне алады. Мәліметтерге сүйенсек, бүгінде Балқаш қаласы бойынша эпилепсия дертіне шалдыққан 50 адам есепке алынған.

Нұрдос КӘРІМ

БАЛҚАШ