15 жастағы оқушыны Балқаш қаласының барлық полициясы үшінші күн қатарынан іздеуде. Махаббат Әбеуова есімді бойжеткен 8 қаңтарда Ағыбай батыр көшесі, 14 мекенжайында орналасқан үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Қыздың белгілері: бойы 165-170 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қара, көзі қоңыр. Ол қысқа қара күрте, ақ жемпір, көк шалбар және қара аяқ киім киген.
– Балқаш қаласының және Қарағанды облысының басқа да аумақтық бөлімшелерінің барлық жеке құрамы 15 жастағы жасөспірімді іздеуге жұмылдырылды. Кәмелетке толмаған бала бұған дейін де екі рет рұқсатсыз үйден шығып кеткен, – деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.