АймақБалқаш

Балқашта 5 қабатты үйдің төбесінен секірмек болған қызды полицейлер құтқарып қалды

Балқаш полицейлері 5 қабатты үйдің төбесінен секірмек болған қызды құтқарып қалды. Полицейлер жедел әрекет жасап, азаматшаның өмірін аман сақтап қалды.


23 қыркүйек күні сағат 18.00 шамасында Балқаш қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне белгісіз бір қыз бала көпқабатты үйдің 5-қабатынан секірмек болып тұр деген хабарлама түскен.

– Мен әріптесім Таңат Берікұлымен ақпарат алған уақытта өзімізге бекітілген аумақта қызметте болғанбыз. Оқиға орнына келгенімізде ақпараттың рас екеніне көз жетті. 5-қабатта қыз бала айқайлап отырды. Бізге жедел шешім қабылдап, әрекет жасау керек болды. Таңат екеуміз үйдің дәлізі арқылы шатырға көтерілдік. Қыз бала бізді көрген жоқ. Артынан ақырын барып, оны шатырдың жиегінен алып кеттік. Осыдан кейін ол азаматшаны оқиға орнына келген жедел-тергеу тобына тапсырып, жұмыс атқаруға кеттік, – дейді Балқаш қалалық полиция бөлімі патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы Ұлан Несіпбаев.

Полицейлер құтқарып қалған қыз балаға дәрігерлер психологиялық көмек көрсетті. Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында оның жеке басының мәселесі бойынша осындай әрекетке барғаны анықталды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button