Кеше кешке Балқаш қаласының 15 жастағы тұрғынының жоғалып кеткені туралы ақпарат барлық әлеуметтік желілерді шарлап кеткен болатын. Еріктілер таратқан ақпарат бойынша, ол Сәбитов көшесіндегі №28 үйден белгісіз бағытқа шығып, жоғалып кеткен. Бүгін қыздың денесін сүңгуірлер көлден тапты.

– 11-желтоқсанда Балқаш қаласында көл жағасынан 40-50 метр қашықтықта 2,5-3 метр тереңдікте 2007 жылы туған қыздың мәйіті табылды, – деп хабарлады Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті.
Қазір баланың өлімінің барлық мән-жайларын полиция анықтап жатыр.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ,
Ortalyq.kz