Медицина
Балқаш пен Теміртауда орталық ауданаралық аурухана ашылады
Қарағанды облысында денсаулық сақтау нысандарын салуға және ауылдық аудандар мен моноқалаларға дәрігерлерді тартуға да көп көңіл бөлінуде.
Ауылдарда 92 денсаулық сақтау нысаны салынуда, оның 14-і осы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Балқаш пен Теміртауда орталық ауданаралық ауруханалар ашылмақ.
Ауылдық жерлерге дәрігерлерді тарту үшін қосымша қаржы бөлініп, әрбір медицина қызметкеріне 5 млн теңгеге дейін берілген. Бұл туралы аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев мәлім етті.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz