АймақБалқаш

Балқаш көлінің жағасы абаттандырылуда

Балқаш көлінің жағалауына абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Қалаға іс сапармен келген аймақ басшысы Ермағамбет Бөлекпаев жағалаудағы құрылыс жұмыстарымен танысты. 

Қазіргі таңда жауапты мердігер жағалау аймағына баспалдақ орнатуда. Және алдағы уақытта сыйымдылығы 500 текше метр болатын арнайы резервуар қойылады.    

– Жағажай орналасқан жағалау маңын қамыстан тазарттық. Енді резервуар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Резервуар арқылы күллі көгалдандыру жүйесін өздігінен суаруға болады. Сонымен қатар, жаңадан көгалдар төселіп, бұталар мен ағаштар отырғызуды жоспарлап отырмыз. Орындық, урна, субұрқақтар мен перголалар, төсеніштер төсейміз. Жарық шамдарын да орнатамыз. Жоба келесі жылы аяқталуы тиіс, – деді «Балқаш Жібек Жолы» ЖШС директоры Мейір Смағұлов.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button