Балқаш қаласы әкім аппаратында кадрлық өзгерістер орын алды. Конкурстық комиссияның шешімімен және қала әкімінің өкімімен Балқаш қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін Серіков Данияр Базарбекұлы атқарады.
Данияр Серіков 1993 жылы Ақтоғай ауданында дүниеге келген.
2014 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, 2015 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы – Мемлекеттік және жергілікті басқару.
Жалпы жұмыс өтілі – 12 жыл. Оның ішінде мемлекеттік қызметте – 8 жыл. Еңбек жолын 2014 жылы Ақтоғай ауданы, Шашубай кенті әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған. 2018 жылдан 2021 жылға дейін Балқаш қаласы әкімі аппаратының бас маманы, Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2021 жылдан 2022 жылдың маусымына дейін Ақтоғай ауданы, Шашубай кентінің әкімі, 2022 жылдың маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін Балқаш қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі әкімінің бас инспекторы қызметін атқарды.