Бас тақырып

Баба мүсініне барымызды салайық!

Елемеуге болмайтын іс шығар. Түркістан қаласында Қаздауысты Қазыбек биге ескерткіш қойылмақшы жақын арада. Бүгінде ескерткіштің жобасы мен тұрғызылатын жері һәм тұғыры шешіліп қойған. 2016 жылы құрылған «Қаздауысты Қазыбек би» қорының қолға алуымен жүзеге асырылып жатқан жоба Мәдениет және спорт министрлігі және Түркістан қалалық әкімдігінің қаулысымен ресми бекіп отыр. Бұл туралы Түркістаннан келген «Қаздауысты Қазыбек би» қоғамдық қорының төрағасы Пернетай ДОСЫБЕК мәлім етті.

«Достық» үйінде өткен кездесуге облыс әкімінің мәдениет саласы жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рымбала Омарбекова, облыстық мәсли[1]хаттың депутаты, қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, белгілі меценат Бекзат Алтынбек, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы, публицист Ерсін Мұсабек, «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің басшысы, ақын Айтбай Жұмағұл қатысты. Түркістан қаласының Құрметті азаматы, бір[1]неше лауазымды қызметтер атқарған Пернетай Қамбарұлы[1]ның айтуынша, ескерткішті қаланың орталығындағы «Пара[1]сат» аллеясына қою жоспарланып отырған көрінеді. Бүгінге дейін Түркістан қаласының әкімдігі мен «Қаздауысты Қазыбек би» қорының селбесуінің арқасында ескерткіш қойылатын жермен бірге, орнатылатын тұғырының (4,5 метр) ақшасы шешілген. Бірақ, би мүсініне қаражат көзі жетпей жатқанын алға тартты Пернетай Қамбарұлы. Мұны естіген Бекзат Алтын[1]бек мырза мен Рымбала Кенжебалақызы мәселені облыс, қала әкіміне ескертіп, белгілі ел азаматтарына қаперлеп, істің қара[1]жатын қарастыруға жұмыламыз деген уәдеге тоқтады. Керек қаражаттың (15-20 миллион теңге) сол жерде бір жарым мил[1]лион теңгесі шешіле кетті. 1 миллион теңгені Бекзат Қомарұлы берсе, Рымбала Кенжебалақызы да абыройлы істен қалыс қалмайтынын айтты. Түркістан қаласында Қазыбек би мүсінін тұғырға қондыру ісі қолға алынғалы (2016 жыл) Қарағанды та[1]рапын үйлестіріп жүрген Мейірман Жашкеев ағамыз да қарап қалмайтынын жеткізді. Олай болса, түркістандықтар бүйтіп елдігін танытып жатқанда, жерге қарап қалмайық, құрметті жерлестер! «Қаздауысты Қазыбек би» қорының есеп-шоты төменде: «NURBANK» АҚ БСК: NURSKZKX БИН: 170240002006 Шоттың нөмірі KZ8584920KZ046923000 Валютасы KZT Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Ыбырайұлы көшесі, 42 үй. Тел.: 87750258221 (whatsapp); 87014583300; 87054914312 «Қазыбек би» қор төрағасы Пернетай Қамбарұлы Досыбеков.

Жәнібек ӘЛИМАН.  

Басқа материалдар

Back to top button