Бас тақырып

Бағдат Мусин Tele2 байланысының неліктен нашарлағанына қатысты пікір білдірді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Tele2 байланысының нашарлауына қатысты пікір білдірді.

– Жабдықты жаңарту кезінде белгілі бір техникалық ақау, іркілістер болып тұрады. Tele2 мобильді операторы түнде белгілі бір техникалық жұмыстар жүргізген. Таңертең іске қосқанда белгілі бір проблемалар анықталды. Бұл жабдықты жаңартумен байланысты. Жалпы, байланыс инфрақұрылымы жаңғыртуды қажет етеді және жаңғырту кезеңінде мұндай проблемалар туындауы мүмкін. Кешірім сұраймыз, – деді Бағдат Мусин Үкімет қабырғасында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, бүгін таңертең Tele2 мобильді операторы байланысында іркіліс болды. Қолданушылар байланыстың нашарлығына шағымданған болатын.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button