Бас тақырып

Бағдаршамның сары түсі: жол ережесі өзгерді

Жыл басынан бері елордада бағдаршамның сары түсіне өткені үшін 400-ге жуық жол апаты тіркелген. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 246 адам түрлі жарақат алған. Осыған байланысты Астана полиция басқармасы бағдаршамның сары сигналына өтуге тыйым салу туралы ескертті, деп хабарлайды Ortalyq.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: tolqyn.kz сайтынан

Көбінесе жол-көлік оқиғалары бағдаршамның сары түсі жанып тұрған сәтте өту кезінде болады. Соңғы бір жылда 3 мыңнан астам оқиға тіркелген. Жол-көлік оқиғалары бағдаршамның тыйым салынған сигналына (қызыл, сары) өтуі, оның ішінде сары сигналына өткені үшін болғанын баса айтты полиция мамандары.

Бұл ретте жүргізушілерге Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінің 5-тарауының 24-тармағының 3-тармақшасына сәйкес бағдаршамның сары сигналы қозғалысқа тыйым салатынын, ал, жыпылықтаған жасыл шам жақын арада тыйым салу сигналының шығатынын ескертеді. Мұндай бұзушылықтарды бейнебақылау камералары автоматты түрде тіркейтін болады.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button