Жаңалықтар

Бағдарлама игілігі

«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы іске қосылғалы ауылдық жерлерде жас мамандардың қатары артып келеді. Со лардың бірі – екі жыл бұрын Жаңаарқа ауданына жас маман бо лып келген Дәурен Әлжанов. Бүгінде Дәуренді білікті мамандардың бірі десек, артық айтқандық емес. Ауылдың өркендеуіне өзіндік үлес қосып, жастарды өнерге баулып жүрген жайы бар.

Дәурен Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы өнер колледжін тәмамдап, еңбек жолын Қаражал қаласында бастады. Жұмыс істей жүріп, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің сырттай бөліміне оқуға түскен. 2017 жылдан бері «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша Бименде Амалбеков атындағы орта мектепте музыка пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп жүр. Жаңаарқаға келгеннен кейін отбасын құрыпты. Былтырғы жылдың күзінде баспаналы болған жас маман пәтер несиесі төменгі пайызбен берілгенін айтады.

«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы жастар үшін өте тиімді. Қазіргі таңда ауылда жұмыс істеудің ешқандай қиындығы жоқ. Үкімет тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр. Жұмыссыз жүрген жастарды осы бағдарлама аясында ауылға шақырғым келеді. Тек қана жұмыс емес, баспана мәселесі де қарастырылған. Жас маманға ең керегі сол емес пе?! Бағдарлама арқасында тұрақты жұмысқа да, баспанаға да қол жеткіздім. Енді, аянбай еңбек етуіме ешқандай кедергі жоқ. Үлкен жетістіктерге жетуіме де мүмкіндік бар. Ауылды көтеруге үлес қосу – менің басты мақсатымның бірі. Шәкірт тәрбиелеп, үлкен додаларға қосуды көздеп отырмын. Ал, шәкірттерімнің биіктен көрінгені – менің жеңісім!», – дейді Дәурен Рахымұлы.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button