Бас тақырыпРесми

Бағалаудың жаңа жүйесі

Білім және ғылым министрлігі сапаны бақылау мен бағалаудың жаңа жүйесін енгізеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

Мектепке дейінгі ұйымдар желісінің өсуін ынталандыру және балаларды қамту мақсатында 2011 жылдан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау тоқтатылған болатын. Осы кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар желісі – 1,5 есе, жеке меншік ұйымдар – 7 еседен астам өсті. Сонымен қатар, қоғам тарапынан білім беру нысандарының материалдық-техникалық жабдықталуын және тәрбие үрдісінің сапасын сынға алу жағдайлары жиілеп кетті. Осыған байланысты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін лицензиялауды кезең-кезеңмен енгізу жоспарланып отыр.

– Білім беру қызметінің төмен сапасын көрсететін мектептерді анықтау және оларға атаулы көмек көрсету мақсатында орта білім беру сапасына сараптамалық шолу жасау институты енгізілетін болады. Нәтижелері бойынша оқу-әдістемелік қолдауды, педагогтердің әлеуетін арттыруды, материалдық-техникалық жабдықтауды қоса қарастыратын білім беру сапасын жақсарту стратегиялары әзірленеді, – деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button