Бұқар жырау

Баға жетпес деректер

Мемлекет тарихы “кіші тарихтың” – қаланың, ауданның, жергілікті жерлер мен оларды мекендейтін адамдардың тарихының сақталуынсыз жүзеге аспайды.

25 жылдан артық Бұқар жырау ауданы архив қызметінің қызметкерлері біздің ауданымыздың аса бай құжаттамалық мұрасының сақталу, толымдау және пайдалану мәселелерін жемісті шешуде. Олар аудан тарихының жаңа беттерінің ашылуына, архивтердің тарихи орталық ретінде қоғамдық маңызын жоғарылатуға әсер етіп, өткеніміздің мәселелерін объективті зерделеудегі маңызды іске мүмкіндік береді.

Біздің ауданның архиві 1989 жылдың 1-шілдесінде құрылған. Оның алғашқы директоры  ауданымызға абыройлы, еңбек ардагері Баттал Әдиетұлы Әдиетов болды. Ол кісінің ұйымдастырушылық қабілетінің, абыройының, жігерлі әрекеттерінің арқасында ауданымызда архив жұмыстары дами бастады. Архивке ғимарат бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, стеллаждар сатып алынды, архив жұмысына талаптар және нормаларын насихаттау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

20 жылдан аса архивте Сара Айсанова жұмыс атқарды. Өзінің мансабын Ульянов мемлекеттік архивінде аға сақтаушы қызметінен бастады, соңынан ұзақ жылдар басшылық жасады.

Ульянов ауданы мен Тельман ауданының шекараларының қосылуына, оның аумағының кеңеюіне байланысты мемлекеттік архивтің жұмылған ұжымы уақытылы қызмет көрсетіп және Тельман аудандық архивінің, Бұқар жырау ауданының біріккен архивіндегі алық-берікті реттеді. Сонымен бірге архивтің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту, құжаттар сақтау үшін жағдайлар жасау, архившілерге жұмыс істеуге жағдай туғызу бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді.

Жемісті жұмысы үшін Сара Айсанова басшылық тарапынан бірнеше мәрте атап өтілді, Қазақстан Республикасы Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттармен, Бұқар жырау ауданы әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталды.

1990 жылдардың басында  архивте ауданның 12 ұйымы мен мекемесінің құжаттары сақталды. Алғашқы архившілер – Гүлшат Барабаева, Зәуреш Бақтығалиева болды, уақыт өте келе  ұжымға жаңа маман күштері – Гүлнара Абжанова, Кенжеш Әдиетова құйылды, олар архившілер болып 2016 жылға дейін қызмет етті. Архивте 20 жылға жуық Бақыт Түспекова қызмет етті, басында архивші, кейіннен бухгалтер болды. Олардың барлығы ұйымдастырушылық қабілеттері жоғары, өз соңдарынан бірге істеп жүрген жандарды ерте алатын, түсіндіре  алатын мамандар болды, олар архив қорының топтастырлуына негіз болды.

Бүгінде архив қорында 286 кәсіпорынның, мекеменің, аудан ұйымдарының құжаттары сақталады, олар қағаз тасығышта 53 мыңнан астам бірлікті құрайды. Сақталып жатқан құжаттардың ең алғашқылары 1920-1948 жылдар болып таңбаланады: олар Ульянов және Тельман аудандарының АХАЖ бөлімдерінің азаматтық ахуал актілері, Ворошилов, Тельман аудандарының Ворошилов аудандық прокуратурасының, Ворошилов май зауытының, Ульянов жеткізіп беру және механизация кәсіпорнының, Ульянов аудандық финанс бөлімінің, Тельман аудандық тұрмыстық комбинаты, Тельман байланыс бөлімі, Тельман аудандық ауыл шаруашылық бөлімі, жер бөлімі,Токаревка МТС-і және МТШ  т.с.с.

Жеке тұлғалардың “Ұлы Отан соғысының қатысушылары”, “Бұқар жырау ауданының Құрметті азаматтары” құжаттар коллекциялары сақталуда, “Жауынгер-интернационалистер” – біздің жерлестеріміздің жеке  архивінен құжаттар коллекциясын жасау бойынша жұмыс жүруде. Архив қоры заманауи құжаттармен де толықтырылуда: мемлекеттік сақтауға аудан әкімі аппаратының құжаттары, аудандық мәслихаттың, аудан прокуратурасының, соттың, жеке нотариустар “Қанафин”, “Бүркітбаева”. Өткен ғасырда елімізде өткен ірі ауқымды әлеуметтік-экономикалық жаңарулар, соның салдарындай, мемлекеттің ыдырауы, жекешелендіру, өндіріс кәсіпорындарын, құс фабрикаларын, совхоздарды акцияландыру архившілер алдына жаңа міндеттер қойды – жинақтау, сақталуды қамтамасыз ету, таратылған мекемелер мен кәсіпорындардың құжаттарының есебін жүргізу және пайдалану міндеттерін атқарды.

Архив қоры біздің қоғамымызға қажет. Құжаттамалық мұра аудан дамуы туралы бай ақпаратты иеленеді, сонымен бірге азаматтардың заңнамалық қорғалуын, олардың мүліктерінің, еңбек әрекеттерінің және басқа да өміршең мәселелерін қорғаудың негізі болып табылады.

Архив қызметінің мамандары мерзімді түрде архив тақырыбы бойынша жарияланымдар дайындайды, архив құжаттары бойынша тақырыптық сұрау жасайды, құжаттар ұсынады және олардың көшірмелерін аудан, облыс өмірінің атаулы даталары бойынша құжаттамалық ақпарат қажет болған жағдайда ұсынады.

Архив жұмысының ажырамас бөлігі – ол архивтік анықтамалар беру бойынша мемлекеттік қызмет ұсыну, бұл жұмыс мемлекеттік қызмет Стандартының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Соңғы кездерде жеке және заңды тұлғалардан өтініштер ағыны артқан, ол жақын шет елдерден де, мемлекетіміздің түкпір-түкпірінен әлеуметтік-құқықтық маңыздағы мемлекеттік қызметтер жасауды сұраумен, 2003 жылы 584 сұрату түсіп, орындалса, 2016 жылы олардың саны 2172-ге артқан.

Ведомстволарда құжаттандыруды жақсарту мақсатында біздің архившілер оқыту семинарларын өткізеді, аудан мекемелеріне, ұжымдары мен кәсіпорындарына практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді.

Аудандық архивтің ұжымы болашаққа беттеген және жоғары жауапкершілікпен өзіне жүктелген маңызды міндетті алып жүруде, өйткені бұл үшін жақсы негіздер бар – жыл сайын архивтің материалдық-техникалық базасы жақсаруда: жылыту жүйесіне жөндеу жүргізілген, архивқоймаларында косметикалық жөндеу жасалған, ғимарат жанынан металдан қоршау жасалып, 2 компьютер, көп функционалды қондырғы т.с.с.

Қазіргі кезде архив ұжымы жаңаруда, архив қызметінің ардагерлерінің орнына жас кадрлар -– Ахметова Әсем, Байжанова Анар, Қонысбаева Айдана, Дәрменбаева Хадиша келген, олар қиын, көпқырлы, терең және қызықты архивші мамандығын игеруге жігерленген, мұнда оларға архив қызметінің ардагері, мемлекет Тәуелсіздігінің 25-жылдығына Қазақстан Республикасы Құрмет грамотасымен марапатталған  Нағима Дукуева,  сонымен бірге архивте 2001 жылдан бастап  еңбек жолын архивші болып бастап, еңбек етіп жүрген архив басшысының орынбасары Әсел Балпанова тәлімгерлік жасап,  жұмыстарын үйретуде.

Жылдар өтуде, бір ұрпақты екінші ауыстыруда, ал барлық оқиғалар туралы естеліктер баға жетпес және бірегей деректерде  – архив құжатында сақталады. Өйткені, архив құжаты – мемлекет байлығы, қоғамның ақпараттық ресурсының маңызды, мәдени мұраның ажырамас бөлігі болып табылады.

 

Дана Шибаева,

Бұқар жырау ауданының

мемлекеттік архивінің

басшысы.

БҰҚАР ЖЫРАУ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button