Бас тақырыпПрезидент
Бүгін Мемлекет басшысы телеарна арқылы мәлімдеме жасайды
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телеарналар арқылы мәлімдеме жасайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли “Фейсбук” парақшасында хабарлады.
«Бүгін сағат 21:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардың эфирінен еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің экономика мен әлеуметтік саладағы дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдеме жасайды», – деп жазды Берік Уәли.