АймақБас тақырып

Бүгін Қарағандыда қоғамдық көліктер тегін жүреді

Бүгін, 23 тамыз, Құрылтай депутаттарының сайлауы күні Қарағанды қаласы және оның аумағындағы елді-мекендерде қоғамдық көлікте жол жүру тегін. Бұл жайлы Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Тегін жол жүру Қарағанды, Абай, Балқаш, Қарқаралы, Саран, Приозерск, Теміртау және Шахтинск қалаларында, сондай-ақ Нұра мен Ботақара кенттерінде ұйымдастырылды.

Қоғамдық көліктер демалыс күнінің кестесі бойынша қатынайды.

Айта кетейік, жеңілдік тек сайлау өтетін күнге байланысты енгізіліп отыр. Автопарктер 24 тамыздан бастап қалыпты жұмыс тәртібіне көшеді.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ 
Ortalyq.kz 

Басқа материалдар

Back to top button