Жаңалықтар

Қазынаға – қосымша қаражат

     Газеттің өткен санында хабарлағанымыздай, облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХV сессиясы өткен болатын.
Облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ, облыстық мәслихат хатшысы Серік ӨТЕШОВТІҢ қатысуымен өткен жиында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» жүзеге асыру мақсатындағы мәселелер талқыға салынды. Сессия жұмысына облыстық мәслихат депутаты Мұқанбетқали АБАЙДІЛДИНОВ төрағалық етті.

Облыстық мәслихат депутаттары, ең алдымен, 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу мәселесін қарады.
Облыстың қаржы басқармасы басшысының орынбасары Л.Башарина облыстық бюджетті нақтылау мәселелері туралы баяндама жасады.
– Облыстың бюджетіне енгізілетін өзгерістер облыстың бюджеттік комиссиясы отырыстарында қаралып, нормативтік-құқықтық актілер веб-порталында онлайн талқылаудан өтті. Және облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларында жіті зерделенді, – деді Л.Башарина.
Яғни, нақтылауға негіз болған – бюджеттік түсімдер көлемінің 4 миллиард теңгеге артуы. Бұл ретте, баспана құрылысына арналған мемлекеттік құнды қағаздар өнімінен түсімдер (2,6 миллиард теңге), бюджеттік қаражат қалдығын бөлу ( 2,2 миллиард теңге), Қазақстан Республикасы Салық кодексіндегі өзгерістерге орай, әлеуметтік салық мөлшерлемесінің төмендеуі (0,3 миллиард теңге) және бұған дейін бюджетте қарастырылған қаражатты қайта бөлу (3,6 миллиард теңге) мәселелері ескерілген.

 

Облыстық бюджетті нақтылау барысында әлеуметтік салаға басымдық берілген. Мәселен, қосымша бөлінетін қаражаттың 26%-ы осы саланың еншісіне бұйырмақ. Нәтижесінде, әлеуметтік сала нысандары жөндеу көреді, мамандар резидентурада оқытылады. Мектеп-интернаттар, колледждер мен мектеп оқушыларына оқулықтар сатып алынып, оқушылар арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында психологиялық-әлеуметтік көмектер көрсетіледі. Спорттық және атаулы күндерге арналған түрлі іс-шаралар өткізіледі.
Ал, 22% қаражат экономиканың нақты секторын дамытуға бағытталады. Яғни, облыстың жолдарына орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Коммуналдық кәсіпорындарды абаттандыру, жөндеу және шағын және орта бизнес субъектілерінің несиелерін субсидиялау сияқты маңызды мәселелер қолға алынады.
Бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға 4,1 миллиард теңге қарастырылған. Бұл – құнды қағаздар өнімі арқылы несиеге берілетін баспана құрылысын жүргізу (2,6 миллиард теңге) және әлеуметтік саланы дамыту (0,5 миллиард теңге). Яғни, Жезқазған қаласындағы балабақша құрылысын (7 миллион теңге), Сәтбаев қаласындағы Оқушылар сарайының құрылысын (10 миллион теңге) аяқтау көзделіп отыр. Бұған қоса, өңірлерде денсаулық сақтау нысандарының құрылысын жүргізуге 230 миллион теңге жұмсалады. Шет ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтауға 137,2 миллион теңге жұмсалады.

 

Қосымша бөлінетін қаражаттың 0,8 миллиард теңгесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамытуға бағытталады.
Жалпы, барлық өзгерістер нәтижесінде, облыстық бюджет құрылымы келесідей қалыптасқан: кірістер – 193,1 миллиард теңге, шығыстар – 195,1 миллиард теңге, нақты бюджеттік несиелендіру – 11,9 миллиард теңге, бюджет тапшылығы – 13,9 миллиард теңге, бюджет тапшылығын қаржыландыру – 13,9 миллиард теңге.
Облыстық мәслихат депутаттары Л.Башаринаның баяндамасында көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды бір ауыздан қолдап дауыс берді.
Сессиядағы Қарағанды облысын басқару сызбасы туралы мәселе төңірегінде облыс әкімі аппаратының басшысы Жанат Ысқақов баяндама жасады.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы, 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес, облыс әкімі облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХV сессиясының қарауына Қарағанды облысын басқарудың сызба нұсқасы туралы мәселені ұсынды.
Қарағанды облысын басқару сызба нұсқасы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №1337 қаулысына сәйкес әзірленді», – деді Жанат Маратұлы.
Аппарат басшысының айтуынша, «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру, «ақылды қала» жобаларын ілгері жылжыту, экономика салаларын сандық жүйеге ауыстыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша бағдарламаның іс-шараларын бақылау мақсатында сәйкесінше құзыретті орган құру қажеттілігі бар. Ол халықтың сандық сауаттылығын жоғарылатуға, мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігін жақсартуға септігін тигізеді.
«Облыс әкімдігінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі №18/01-02 қаулысымен облыстың жергілікті мемлекеттік басқару құрылымы бекітілді және «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасы» жаңа мемлекеттік мекемесімен толықтырылды.
Қазіргі күні облысты басқару сызбасы 26 басқарма мен облыс әкімі аппаратынан тұрады», – деді Жа

 

нат Ысқақов.
Облыстық мәслихаттар депутаттары бұл мәселені де бір ауыздан қолдап дауыс берді.
Сессия жұмысының күн тәртібіне облыс бойынша іске асыру жоспарланып отырған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізімін бекіту, облыстың жасыл екпелерді күтіп ұстау мен қорғау, қалалардың және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларына өзгерістер енгізу мәселелері де қаралды.
Қарағанды облысын үдемелі индустриалдық дамыту жөніндегі өңірлік Үйлестіру кеңесінің құрамына, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына өзгерістер енгізу мәселелері облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына өзек болды.
Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы VІІІ сессиясының №272 «Қарағанды облыстық мәслихатының аппараты» ММ-нің 2018 жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі де осы жиында талқыланды.
Аталған барлық мәселелер облыстық мәслихат депутаттарының қолдауына ие болды.
Сессияда мәлім болғандай, жағымды жаңалықтың бірі – облыс бюджетінің ұлғаюы. Қазына қосымша 6 миллиард теңгеден астам қаражатпен толықты.
– Облыстық бюджетті нақтылау нәтижесі бойынша Қарағанды облысының дамуына қосымша 6 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл аймағымыздың бірқатар маңызды мәселелерін шешуге ықпал етеді. Бірінші кезекте, Елбасының «бес әлеуметтік бастамасын» жүзеге асырумен байланысты шараларды іске асыруға мол мүмкіндік туды. Бүгін біз студенттік ж

 

атақханалардың құрылысын, шағын несиелеуді, газ тарату желілерінің құрылысын қолдап отырмыз. Осылайша, біз бірқатар мәселелерді шешіп, болашаққа нақты сеніммен қадам баса береміз, – деді облыс әкімі Ерлан Қошанов.
Сондай-ақ, аймақ басшысы Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасын құру туралы бастаманың маңыздылығын тілге тиек етті.
– Біз республикада алғашқылардың бірі болып осындай басқарма құрып отырмыз. Ол Елбасының тапсырмасы аясында жүзеге асып отыр. Мұндай өзгеріс біздің алдымызға қойылған міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті облыс әкімі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button