Жаңалықтар

Азық-түлік бағасы – жіті назарда

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізудің «ұзынсарыдағы» мәні тіпті артық. Қала халқының аузынан жиі естиміз. Мәселен, Приозерск шаһарының тұрғындары да көктем уақытында өткізіліп жатқан жәрмеңкелерден қол үзбейді.

Азық-түлік бағасын тұрақты ұстау – жергілікті атқарушы билік алдындағы басты мәселенің бірі. Қалада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу осы мақсаттан туындаған.

Приозерск қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ахан Жүсіпов мәлімдегендей, өткен сенбідегі жәрмеңкенің өзінде-ақ 8 тоннаға жуық азық-түлік өнімі сатылған. 1 млн. 979 мың теңгеге.

  • Қала халқының, әсіресе, ет өнімдеріне деген сұранысы артық, – дейді А.Жүсіпов. Кезекті жәрмеңкеде 2,4 тонна ет өнімдері саудаланыпты. Бұдан бөлек, 3,2 тонна көкөніс саудаланса, жеміс-жидектің 1,6 тоннасы халықтың азық-түлік себетін толықтырыпты. 0.5 тонна бакалея өнімдері мен 200 литрге жуық сүт өнімдері де 20 сәуірдегі жәрмеңкеде сатылған.
  • Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдері нарық бағасынан 10-15% төмен бағамен саудаланды, – дейді Приозерск қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

Статистика басқармасының дерегінше, 2019 жылдың 1 тоқсанында Приозерск қаласында азық-түліктің 8 түрі бойынша бағаның төмендеуі тіркелген. Күріш, картоп, қант, күнбағыс майы және басқа тағамдар бойынша.

Сондай-ақ, қалада 5 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді.

Қуаныш АМАНҚҰЛ

Басқа материалдар

Back to top button