Бас тақырып

Азия ойындары: ел намысын 524 атлет қорғайды

Ертең, 23 қыркүйектен бастап 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында ХІХ жазғы Азия ойындары өтеді. 

Осы аралықта сары құрлықтағы 45 елдің 15 мыңнан астам өкілі 40 спорт түрінен 481 медаль жиынтығын сарапқа салады. Ойынның ашылу рәсімі 23 қыркүйекте Олимпиада спорт орталығы стадионында өтеді.

Спортшыларымыз Қытайда дайындық үстінде

Қазақстан Ханчжоу қаласына 30 спорт түрінен 524 атлет (262 ер, 262 әйел) апарады. Оның ішінде Олимпиада бағдарламасына кіретіні 27, қалған үшеуі – олимпиадалық емес спорт түрі.

Сонымен қатар, алдағы додада спорттың 8 түрінен: бокс, садақ ату, қазіргі бессайыс, жүзу, брейкинг, көгалдағы хоккей, теннис пен жеңіл атлетикадан Париж Олимпиадасына лицензия ойнатылады.Сондай-ақ спорттың 4 түрінен: таеквондо, дзюдо, триатлон, бадминтоннан рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады.

Қазақстан 1994 жылдан бері Азия ойындарына сегізінші рет қатысып келеді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button