«Ғажайып алаң» ғажабы

    «Молодежный» мәдениет үйінде №2 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапхана филиалының «Халқын сүйген – салтын сүйеді» тақырыбында «Таңғажайып алаң» шоу ойыны ұйымдастырылды. Оған 52859 әскери бөлімінің сарбаздары мен №18 мектептің 9 сынып оқушылары қатысты.

Ойын «Б – банкрот», «П-сыйлық алу», «2Х – ұпайдың екі есе көбеюі», «музыкалық сәлем» және «досына телефон шалу» шарттары бойынша өтті. Бірінші айналымның сұрақтары қазақтың ұлттық тағамдары төңірегінде болды. Екінші кезеңде қазақтың салт-дәстүрлері жасырылса, ойынның үшінші сатысында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне қатысты сұрақтар қойылды. Ал, Ақтық кезеңде мұсылмандық, қажылық тақырыбы аясындағы сұрақтарға №18 мектеп оқушысы Баукен Ұрынбаев жауап беріп, алға шықты. Қатарындағы ойыншылардан қара үзген ол және «Супер» ойында Жүсіпбек Аймауытовтың шығармасынан оқылған үзіндіні де дұрыс тауып, оған тігілген ойыншық автокөлікті жеңіп алды. Ойыншыларымыз сектор сыйлық түскенде де, ақшалы екі конверт түскенде де сыйлықтан да, ақшадан да бас тартып, ойын көрігін қыздыра түсті. Ғажайып алаң шынымен ғажап ойынға айналды. Көрермендер де, ойыншылар да разылықпен тарасты.

Айжан ИСИНА,

жасөспірімдерге қызмет көрсететін №2 кітапхана филиалының меңгерушісі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.