Бас тақырыпЖаңалықтар

Қазақстандықтар енді басқа адамның ЭЦҚ кілтін пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылады

Енді жеке және заңды тұлғалардың дербес деректерді қорғау және электронды цифрлық қолтаңба салаларындағы әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі құқықбұзушылық жасалған күннен бастап екі айдан бір жылға дейін ұзартылды, – деп хабарлайды ortalyq.kz Аikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: klerk.ru

Сонымен қатар дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу, атап айтқанда, дербес деректерді заңсыз жинау, өңдеу және оларды қорғау шараларын сақтамау үшін ҚР ӘҚБтК-нің 79-бабы бойынша әкімшілік айыппұлдардың мөлшері үш есе ұлғайтылады. Бұрын айыппұлдар құқықбұзушылықтың құрамына және кәсіпкерлік субъектісінің санатына байланысты 10-нан 1 000 АЕК-ке дейін өзгеріп отырған. Енді олар 30-дан 2 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылады.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының электронды  құжат және электронды цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 640-бабы бойынша жаңа әкімшілік құқықбұзушылық түрі күшіне енеді. Яғни, басқа адамның ЭЦҚ кілтін пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.

Бұған дейін әкімшілік жауапкершілік тек ЭЦҚ кілтін үшінші тұлғаларға заңсыз беру және оны қорғау бойынша тіркеу куәлігінің иесі тарапынан қажетті шараларды қабылдамау жағдайларына ғана қолданылатын. Енді өзгерістер күшіне енгеннен кейін, ЭЦҚ-ны заңсыз берген де, оны пайдаланған тұлғалар да жауапкершілікке тартылады.

Қабылданған шаралар азаматтардың дербес деректерін қорғауды күшейтуге, электронды  цифрлық қолтаңбаны пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ақпараттандыру саласындағы заңбұзушылықтар үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button