Жаңалықтар

Қазақстандықтар Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды

Қытайдың Сиянь қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында қазақстандық қыздар екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ерлер арасындағы еркін күрес шеберлерінен кейін бозкілемде әйелдер күресі басталды. Аталған додада 50 келіге дейінгі салмақта белдескен жерлесіміз Валентина Исламова қола медаль үшін белдесуде үндістандық Сима Симадан басым түсіп, ел қоржынына алғашқы жүлдені салды.

Екінші қола медальға 55 келіде бақ сынаған Марина Седнева қол жеткізді. Ол жүлделі үшінші орын үшін белдесуде Оңтүстік Корея өкілі Хайюнг Кимнен айласын асырды.

  Тағы бір 68 келіде бақ сынаған қазақстандық балуан қыз Ирина Казюлина қола медаль үшін өткен белдесуде жеңіліс тапты.

 

Басқа материалдар

Back to top button