Спорт

Қазақстандық шаңғышы қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық шаңғышы Ксения Шалыгина қола медалді жеңіп алды.

Лейк-Плэсидтегі (АҚШ) 2023 Универсиадасында шаңғышылардың 15 шақырымға жаппай жарысында  Қазақстандық шаңғышы Ксения Шалыгина  екінші медалді жеңіп алды. Қазақстан атынан алты спортшы қатысты. Олар Ксения Шалыгина, Надежда Степашкина, Лаура Кондыбаева, Айша Ракишева, Анастасия Ротова және Мария Люфт.

Олардың  ішінде ең жақсы нәтижені  Ксения Шалыгина көрсетіп, қола медалді жеңіп алды.  Көшбасшыға 11.7 секунд берілді. «Алтынды» Эстондық шаңғышы Мариэль Пуллес жеңіп алды, американдық Кендалл Крамер (+0.4 секунд) күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, Ксения Шалыгина үшін бұл Лейк-Плэсидтегі Универсиададағы екінші медалі.  Бұған дейін ол әйелдер құрамасының құрамында Айша Ракишева мен Надежда Степашкина бірге эстафетада «қола» медалді жеңіп алған болатын.

Басқа материалдар

Back to top button