«Қазақстан» шахтасында іздестіріліп жатқан үшінші кеншінің денесі табылды
«Қазақстан» шахтасындағы өрттен зардап шеккен үшінші кеншінің денесі табылды.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы қаза тапқан кеншілердің отбасыларына төмендегідей көмектер көрсетеді:
– жерлеуге байланысты шығындарды жабу;
– қайтыс болған жұмысшылардың он жылдық жалақысы мөлшерінде отбасына біржолғы төлем;
– 18 жасқа дейінгі әрбір балаға ай сайынғы сақтандыру төлемі (бала студент болса, 23 жасқа дейін);
– 23 жасқа толмаған балалардың алғашқы күндізгі оқу нысанындағы оқуына және оған байланысты барлық шығыстарға ақы төлеу, тұрғын үй сатып алу немесе ол үшін біржолғы өтемақы;
– Қолданыстағы тұрғын үйді жөндеуге ақы төлеу;
– Ипотекалық төлемдердің белгілі бір бөлігін жабу;
– Серіктестік кәсіпорындарында әйелдер мен балаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
– Әйелдер мен балаларға арналған санаторийлер мен лагерьлерге жыл сайын жолдама беру.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz