«Қазақстан» шахтасындағы өрт әлі сөндірілуде
«Қазақстан» шахтасындағы өрт оқиғасын тергеу жөніндегі Үкімет комиссиясының жұмысы тағы 10 күнге ұзартылды.
– Қазір шахтаның апат болған учаскесінде 27 тау-кен құтқарушы жұмыс істеп жатыр, көмекке 14 кенші жұмылдырылды. Тоғыз бөгет тұрғызылды және олар 100% толтырылды, 3 бөгеттін құрылысы бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Сонымен қатар өрт ошақтарын сөндіру жалғасуда. Газ мөлшері бақылауға алынған. Жұмыс орындарында температура көрсеткіштерінің нашарлауы байқалмайды, – дейді Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз мамандары.
Еске салайық, Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында өрт 17 тамыз күні шыққан болатын.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz