«Қазақстан» шахтасында қаза тапқан бесінші кеншінің денесі табылды
«Қазақстан» шахтасында сағат 22.40-та бесінші кеншінің денесі табылды.
Қаза тапқан кеншілердің аты-жөні:
1. Стешин Денис Геннадьевич, 1978 жылы туған, 4-разрядты жерасты үңгушісі, еңбек өтілі 21 жыл;
2. Халиков Артур Ринатович, 1994 жылы туған, 4-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 10 жыл;
3. Бургун Виктор Сергеевич, 1966 жылы туған, 5-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;
4. Слюньков Виталий Владимирович, 1965 жылы туған, 5-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;
5. Старовойт Илья Александрович, 1996 жылы туған, 3-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 4 жыл.
«Қазақстан» шахтасында төтенше жағдайды жою жұмыстары жалғасуда.
Төтенше жағдайды жою жұмыстары ТЖ министрі Сырым Шәріпхановтың бақылауында.
Тау-кен құтқарушылары ауыстырылды. КӘАҚҚ РШО ЖШС басшылығымен тау-кен құтқарушыларының жаңа ауысымының алдына міндеттер қойылды.
Іздестіру жұмыстары апаттық учаскедегі қазбалардың үздіксіз түтіні және жоғары температура салдарынан қиындауда.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz