АймақЖаңалықтарСпорт

Ауыл жасөспірімдерінің жазғы ойындары өтті

16-17 мамыр күндері Абай қаласында ауыл жасөспірімдерінің жазғы ойындары өтті. Жарысты дене шынықтыру және спорт басқармасы төртінші рет ұйымдастырып отыр. Жыл сайын спорттың сегіз түрінен өзара мықтыларды анықтайтын додада биыл Шет ауданының командасы бірінші орынға ие болды.

Суреттер: Спорт басқармасынан

Жарысқа облыс аудандарынан 600-ге жуық спортшы қатысты. Олар асық ату, армрестлинг, баскетбол, волейбол, дзюдо, қазақ күресі, үстел теннисі және шағын футбол сияқты сегіз спорт түрінен жеңіс үшін күресті.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Шет ауданының командасы жеңіп алды.

Абай ауданы екінші орынға тұрақтаса, жүлделі үшінші орынды Бұқар жырау ауданының спортшылары иеленді.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button