Бұқар жырауСайлау – 2021

Ауыл учаскесіндегі алғашқы сайлаушы – зейнеткер ұстаз

Бұқар жырау ауданы, Ростовка ауылында сайлаушылардың белсенділігі таңертеңнен байқалды. №527 сайлау учаскесінің төрағасы Қуаныш МАХАНОВТЫҢ айтуынша, ауыл тұрғындары ертең елді мекенді басқаратын әкімнің тікелей сайлауына тікелей қатысу мүмкіндігін бірауыздан құптап отыр.

– Таңғы жетіде ашылды. Учаскеге алғашқылардың бірі болып бұрын жергілікті мектепте жұмыс істеген 87 жастағы зейнеткер, білім беру саласына еңбек сіңірген мұғалім келді. Барлығы тыныш, заңбұзушылық жоқ. Nur Otan мен Қазақстанның Халық партиясынан екі бақылаушы қатысып, бақылап отыр, – дейді сайлау жөнінде жұмыс тәжірибесі мол Қуаныш Маханов.

Оның мәлімдеуінше, барлық санитарлық талап пен әлеуметтік қашықтық қатаң сақталуда.

Фархат КИНЖИТАЕВ.

Басқа материалдар

Back to top button