«Астана Банкі» АҚ салымшыларының назарына!
2019 жылдың 26 қаңтарында сенбі күні «Еуразиялық банк» АҚ (агент-банк) «Астана Банкі» АҚ салымшыларының өтініштерін қабылдауды және өтемақы төлеуді бастайды. Өтемақы төлеу 2019 жылдың 26 қаңтарынан бастап 26 шілде аралығында алты ай ішінде жүргізілетін болады.
Қарағанды облысында тұратын «Астана Банкі» АҚ салымшылары «Еуразиялық банк» АҚ-ның филиалына және оның бөлімшелеріне мына мекенжайлар бойынша жүгіне алады:
-
Қарағанды қаласында
-
Н. Әбдіров даңғылы, 3/2 үй (1 және 3 қабатта);
-
Н. Әбдіров даңғылы, 12/2 үй;
-
Степной-3 ықшамауданы, 3 үй;
-
Зелинский к-сі, № 22-а үй;
-
Восток-2 ықшамауданы, 5/3 үй;
-
Бұқар жырау даңғылы, 86 үй.
Теміртау қаласында
-
Блюхер к-сі, 19 а үй
Шахтинск қаласында
Абай Құнанбаев атындағы даңғылы, 99/3 ғимарат
Балқаш қаласында
-
Ш. Уәлиханов к-сі, 1 үй.
Жезқазған қаласында
Ғарышкерлер к-сі, 38, (бұрын Сейфуллин к-сі)
-
2019 жылғы 26 қаңтарда барлық бөлімшелер мен филиал 8-00 ден 22-00 ге дейін жұмыс істейді;
2019 жылғы 27 қаңтарда барлық бөлімшелер мен филиал 8-00 ден 20-00 ге дейін жұмыс істейді;
Басқа күндері бөлімшелер/филиал ағымдағы режимде жұмыс істейді.
«Астана Банкі» АҚ салымшыларына өтем алу үшін жеке басын куәландыратын құжатпен банк – агенттің кез келген бөлімшесіне немесе филиалына жүгіну қажет.
Сұрақтар туындаған жағдайда келесі байланыс телефондары арқылы ақпарат алуға болады:
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының call-орталығы 1460,
«Еуразиялық банк» АҚ анықтамалық қызметі:
- қалалық: +7 (727) 332-77-22.
- Вееlіnе: +7 (771) 000 7722.
- Теlе2/Аltеl: +7 (700) 000 7722.
- Ксеll: +7 (702) 010 7722.
Сонымен қатар ақпарат www.kdif.kz., www.eubank.kz. веб-сайттарында қолжетімді.
Қарағанды облысында тұратын «Астана Банкі» АҚ салымшылары Қарағанды қаласындағы тарату комиссиясына өтінішті, құжаттарды бере алады, құжаттарды тапсыруға қатысты кеңес ала алады. Байланыс телефондары: +7 (7212) 55-99-01, ішкі 16001, 16003, 16018, 16020.