АймақЖаңалықтар

Асфальтная көшесіндегі жолдың бір бөлігі жабылды

Қарағанды қаласының әкімдігі азаматтарға Четская көшесіндегі жолды күрделі жөндеуге байланысты Асфальтная көшесіндегі жол бөлігінің жабылатынын ескертеді. Жөндеу жұмыстары 23 қазанға дейін жалғаспақ.

Сызба: қала әкімдігінен

Құрметті Қарағанды қаласының тұрғындары мен қонақтары! Четская көшесіндегі тас жолды күрделі жөндеуге байланысты 16 қазан күні сағат 08.00-ден 23 қазан күні сағат 23.00-ге дейін Асфальтная көшесінің Молокова көшесінен Затаевич көшесіне дейінгі бөлігі, оның ішінде қиылыс бөлігі жабылды, – деп хабарлады әкімдік.

Қала әкімдігі уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, қала тұрғындары мен қонақтарынан жолда кептеліс болмас үшін маршрутты алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button