Жаңалықтар

Арыстан келген балалар Балқаштың көрнекті жерлерін аралады

Қарағанды облысындағы «Факел» сауықтыру лагерінде демалып жатқан Арыстың балалары үшін Балқаш қаласына экскурсия ұйымдастырылды. Оларға металлургтер қаласының тарихы туралы айтып, жергілікті көрікті жерлерді, мәдениет және сәулет ескерткіштерін көрсетті.


Туған елдің тарихы және мәдениетімен танысу «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.
– Балқашқа алғаш рет келген кішкентай демалушылар қаланың қалыптасу тарихын білуге мүмкіндік алды. Олардың естерінде жағымды сәттер қалады деп үміттенеміз, – дейді Шашубай кентіндегі «Мектеп-балабақша кешені» базасындағы тірек мектебінің (Ресурстық орталықтың) директоры Айман Түкбаева.

Экскурсия Балқаш қалалық тарихи-өлкетану мұражайын аралаудан басталды. Балалар қаланың ең көне  ғимараттардың бірі – 1952 жылы Ленинград сәулетшісі Л. Мелештің жобасы бойынша салынған М. Хамзин атындағы Металлургтер мәдениет сарайын аралап шықты. Оларға ХХ ғасырдың көрнекті домбырашысы, Қазақ КСР Халық әртісі, Балқаш қаласының құрметті тұрғыны, қаланың мәдени символына айналған ескерткіш-мүсінде мәңгі есте қалған Мағауия Хамзин туралы айтып берді. 
Экскурсиялық турға Ұлы Отан соғысының батырларына арналған ескерткіштер де кірді. Кішкентай қонақтарға Балқаш көлінде тұзды-тұщы суға шомылып серуендеу ұйымдастырылды.

Басқа материалдар

Back to top button