Жаңалықтар
Ардагерге құрмет – ұрпаққа міндет
Жыл сайын БҰҰ Бас Ассамблеясы Қарттар күні деп жариялаған қазан айының бірінші күні Қарағанды облысы бойынша және Ұлытау бойынша ҚАЖД №30 мекемесі өзінің қадірлі қарт ардагерлеріне құрмет көрсетеді.
Осы мереке қарсаңында мекеме ұжымы аға ұрпақты осы ізгілік пен даналық мерекесімен шын жүректен құттықтап, Валентина Ивановна Аржанцеваның, тыл еңбеккері Анна Васильевна Уланованың, Лидия Ионовна Морозованың үйлеріне барып азық-түлік пакеттерін табыс етті.
Олардың тағдырлары біздің көпұлтты мемлекетіміздің тарихын бейнелейді, өйткені аға ұрпақ бізді мейірімділікке, еңбекқорлыққа, Отанға адал қызмет етуге, біздің егемен Қазақстанымыздың тамаша болашағына сенуге үйретеді.
Ербол ЕРБОЛАТ,
ortalyq.kz