Бас тақырып

Қаралы күндер жылнамасы

Өкінішке қарай, тәуелсіздік жылдары еліміз 12 рет Жалпыұлттық аза тұту күнін бастан өткеріп отыр.

2006 жылы 22 қыркүйекте Қарағанды облысындағы шахталардың бірінде метан газы жарылып, салдарынан 7 адам жараланып, 41 адам мерт болды.

2008 жылы Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты «Абай» шахтасында да метан газы жарылды. Апаттан 14 адам ауыр жараланып, 30 адам қайтыс болды.

2010 жылғы 11 наурызда қазіргі Жетісу облысындағы Қызылағаш су қоймасындағы бөген бұзылып, 45 адам қаза тапты.

2012 жылғы 30 мамырда «Шығыс» аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының «Сары бөктер» заставасында 12 шекарашы мен қорықшы кісі қолынан қаза тапты. Оқиға тарихта «Арқанкерген» оқиғасы деген атпен қалды.

2012 жылғы 25 желтоқсанда Шымкент маңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің ұшағы құлап, борттағы 27 адам бақилық болды.

2013 жылғы 29 қаңтарда Алматы қаласы маңындағы Қызылту ауылына жақын жерде Scat компаниясының Көкшетау-Алматы бағытындағы әуе рейсі жерге құлап, 21 адам көз жұмды.

2016 жылғы 5 маусымда Ақтөбе қаласында радикалды ұстанымдағы қылмыстық топпен арадағы қарулы қақтығыс кезінде 21 адам ажал құшты.

2019 жылғы 27 желтоқсанда Bek Air әуе компаниясының ұшағы Алматы әуежайы іргесіндегі екі қабатты үйге соғылып, 12 адам қайтыс болды.

2020 жылдың 13 шілдесінде еліміз бойынша коронавирустан қаза болған жандарды еске алуға арналған аза тұту күні болды.

2021 жылғы 28 тамызда Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан 17 адам қазаға ұшырады.

2022 жылы 10 қаңтар қасіретті Қаңтар қырғынынан соң Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту жарияланды.

2023 жылы 12 маусымда Абай облысындағы өртпен күрес кезінде қаза болған 14 адамның аруағы алдында бас иіп, Мемлекеттік Туды төмен түсіруге мәжбүр болдық…

Дайындаған Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button