Қарағандылық жас өнерпаздар 100 жыл бұрын жасалған домбырамен күй шертті
Қарағанды қаласының Достық үйіндегі «Күй – керуен» орталығының алаңында домбырада ойнау шеберлік-сыныбы ұйымдастырылды. Дәрісті қазақтың ұлттық аспабының танымал шебері Қайролла Сәдуақасов өткізді.
Шеберлік-сыныпқа балалар жиналды. Ұстаз оларға домбыраның құрылысы жайлы айтып берді. Қатысушылар қақпақ, мойын, алақан, шанақ деген не екенін біліп, олар аспаптың қай жерінде орналасатынын көрді.
«Күй – керуен» орталығында құнды жәдігер бар – 100 жыл бұрын жасалған домбыра. Жиналғандар ескі аспапта ойнау мүмкіндігіне ие болды.
– Әрбір ұстаз үшін ең бастысы – халық шығармашылығын танымал ету ғана емес деп айлаймын. Бірінші кезекте біз өскелең ұрпақты ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеп өсетіндей етіп тәрбиелеуіміз қажет. Халық дәстүрі қасиетті, ал дәстүрді құрметтеу – әркімнің міндеті, – деп атап өтті Қайролла Сәдуақасов.
Қарағанды қаласының Достық үйіндегі «Күй – керуен» орталығы «Қазақтану» Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-ағартушылық жобасы шеңберінде құрылған.