Жаңалықтар

Қарағандылық жас футболшылар жеңіспен оралды

Қарағандылық «Шахтер – 2010» футбол командасы Павлодарда өткен турнирдің жеңімпазы атанды. Спорт күніне арналған жарыс 20 тамызда аяқталды.

Жеңіс үшін Павлодар, Екібастұз және Қарағандыдан жиналған жеті команда күресті. Додаға 8-9 жас аралығындағы ойыншылар қатысты. 
Қарағандылықтар топтық кезеңнен сәтті өтіп, жартылай финалда павлодарлық «Қуат» командасымен кездесті. Матч «Шахтер-2010» пайдасына 5:2 есебімен аяқталды. Финалда екібастұздық «Батыр» командасымен ойнап, 4:2 есебімен жеңіске жетті. Турнирдің үздік қақпашысы деген аттақа «Шахтер-2010» ойыншысы Владислав Ревуцкий ие болды.  

Басқа материалдар

Back to top button