Қарағандылықтар «Жасыл белдеу» акциясы аясында ағаш егеді

Қарағандыда «Жасыл белдеу» акциясы аясында ағаш отырғызу 27 сәуірге жоспарланған еді. Әйтсе де, ауа райының қолайсыздығы салдарынан, көшет егу шарасы 4 мамырға ауыстырылды. 

Ағаш егу акциясы Қазақстанның 10 жылдығы атындағы саябақта өтеді. Оған шамамен 60 адам қатысады деп жоспарлануда. Шараға кез келген қарағандылық қатыса алады.