Жаңалықтар

Қарағандылық құтқарушылар үйлеріне оралды

Батыс Қазақстандағы болған су тасқынымен күресуге Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 65 қызметкері, сондай-ақ, су тасқынының алдын алу және еріген суды ағызуға облыстық бөлімшелерден 48 бірлік техника жіберілген болатын.

Сурет: ТЖД

Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлеріне ерліктері үшін және шыдамдылық танытқаны үшін қызметкерлеріміздің отбасыларына алғыс айтамыз, – деп ризашылығын білдірді департамент басшылығы.

Бұған дейін Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы күрескен құтқарушылар өз үйлеріне оралған болатын.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Back to top button