Жаңалықтар

Қарағандылық спортшы қазақстандық үстел теннисі тарихындағы ең жас спорт шебері атанды

Орал қаласында өткен үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында 12 жасар қарағандылық Алан Құрманғалиев ерекше көзге түсті. Кездесу қорытындысы бойынша жас спортшыны «басты сенсация» деп атады.


Біріншілік 1998 жылы туылған және одан да жас ұлдар мен қыздар арасында өтті. Қарағанды облысы атынан сегіз ракетка шебері қатысты. Командалық сынақта қарағандылық теннисшілер бірінші орынды, жасөспірімдер үшінші орынды иеленді.
Жеке біріншілікте алтын медальды спорт шебері, ұлттық құраманың мүшесі Зәуреш Ақашева, қола медальді Александра Смирнова жеңіп алды. Қыздар жұптық разрядта үшінші болды.
Аралас жұптық разрядта Алан Құрманғалиев пен Зәуреш Ақашева жеңіске жетті. Қарағанды облысы құрамасының ең жас мүшесі спорт шебері нормативін орындады. Мұндай жетістік Қазақстан үстел теннисінің тарихында алғаш рет орын алды.
Бір ай бұрын ITTF Халықаралық федерациясы құрлықтық, әлемдік Hopes Week турнирлерінің қорытындысы бойынша Алан Құрманғалиевты 2019 жылғы үздік жас теннисші деп атады.
Республикалық чемпионаттың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстық балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің тәрбиеленушілері болып табылады.

Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша

Басқа материалдар

Back to top button