Қарағандылық Олимпиадашылар жарыс жолына қашан шығады?
Париж төрінде өтіп жатқан дүбірлі бәсекенің басталғанына бүгін – үшінші күн. Қазіргі уақытта ел қоржынына бір алтын, екі қола медаль түсті. Бүгін құрама команда сапынан жерлесіміз Ксения Игнатова жарыс жолына шығады.

Ксения Игнатова жүзу спортынан, яғни, 100 метр қашықтыққа шалқалап жүзу әдісі бойынша сынға түседі. Жарыс Қазақстан уақытымен сағат 14:00-де басталады. Ал, жартылай финалдық бәсеке сағат 00:00-де, финалдық кездесу 30 шілдеде, сағат 23:57-де өтеді.
2 тамызда жерлесіміз Данил Мусабаев (батутта секіру) өнер көрсетеді. Жарыс сағат 21:00-де басталады.
4 тамызда Давид Ефремов (110 метр қашықтықта кедергілермен жүгіру) жарыс жолына шығады. Іріктеу турниі сағат 14:50-де басталады. 6 тамызда сағат 13:50-де жұбаныш раунды, 7 тамыз сағат 22:05-те жартылай финалдық бәсекесі өтеді. Ал, ақтық сын – 9 тамыз, сағат 00:45-те басталады.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz