Білім

Қарағандылық оқушылар – олжалы

Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің бірлесуімен жыл сайын дәстүрге айналған Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХІІІ Халықаралық байқауы өтті. Халықаралық жарыстың жеңімпазы атанған 86 оқушының арасында қарағандылықтар да бар.

Байқау жыл сайын оқушылардың ғылыми қызметке деген қызығушылығын арттыру және дамыту, ғылыми-техникалық саладағы ең дарынды оқушыларды анықтау және оларды одан әрі қолдау мақсатында ұйымдастырылады. Халықаралық байқауға Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстанның әр аймағынан 150 оқушы қатысып, 112 жоба ұсынды. Сондай-ақ, республикалық ғылыми жобалар конкурсының (бұдан әрі – РҒЖК) облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері және РҒЖК-ның қорытынды кезеңіне жолдама алған қатысушылар, сонымен қатар, шет мемлекеттердің ұлттық ғылыми жобалар жарыстарында жеңімпаз бен жүлдегер атанған 11(12) сынып оқушылары бәсекеге түсті.

Қатысушылар «Математика», «Қолданбалы математика», «Механика», «Экономикадағы математикалық әдістер» секциялары бойынша жоба қорғады.

Қазылар алқасының шешімімен халықаралық байқаудың 86 жеңімпазы мен жүлдегері анықталды. Оның ішінде қарағандылық оқушылар да бар.

Байқауда Бұқар жырау ауданы Көкпекті жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Ләйлә Хинаят ІІ орынға ие болды. Шет ауданы Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназияның оқушылары Аружан Темірлан, Аяжан Асқарова ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды. Ал «Ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушылары Арай Муратхан, Инабат Қожанға ІІІ орын бұйырды. Сонымен қатар, Балқаш қаласының Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің оқушылары Әнел Малыбаева, Аслан Тілеубай аталған байқауда қол жеткізген ерекше жетістіктері үшін Грамотамен марапатталды.

Сонымен қатар, 22 қатысушы «Дарын» РҒПО-ның грамоталарымен марапатталды және барлық қатысушыларға сертификаттар мен логотип салынған футболкалар сыйға берілді.

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button