ЖаңалықтарБас тақырып
Қарағандыда «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
7 қарашада Қарағанды қаласындағы жаңа алаңда (Б. Әшімов көшесі) «Дала дәмі» облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Сағат 09:00-де басталатын саудаға өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен жергілікті кәсіпорындар қатысады.

Жәрмеңкеде көкөніс, ет-сүт өнімдері және жергілікті қайта өңдеу кәсіпорындарының тауарлары ұсынылады. Өнімдер орташа нарықтық бағадан төмен бағамен сатылмақ.
Жәрмеңке өтетін орынға №19, 31, 65, 66 және 70 бағыттағы автобустар қатынайды. Сонымен қатар, Сортировка мен Пришахтинск бағыттарынан Б. Әшімов көшесіне дейін арнайы автобустар ұйымдастырылады.
Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын жәрмеңкеге шақырады.
Диас СЕРІКҚАЗҰЛЫ
Ortalyq.kz



