Білім

Қарағандылық оқушы математикадан халықаралық олимпиаданың қола жүлдегері атанды

«Мұрагер» Қарағанды мамандандырылған мектеп-лицей интернатының оныншы сынып оқушысы Бейбарыс Жеңісбек Саха Республикасындағы (Якутия) «Түймаада» ХХХІ халықаралық олимпиадасында үшінші орын иеленді. Зияткерлік байқау математика, физика, химия және информатика пәндерінен өтті.

Суреттер: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

–  Мен алғаш рет математикадан халықаралық олимпиадаға қатыстым. Жарыс екі турдан тұрды. Жетекшім – математика пәнінің мұғалімі Ләззат Итжанова. Болашақта әлі көп олимпиадаларға қатысуды жоспарлап отырмын, – дейді Бейбарыс.

Математика, физика, химия және информатика пәндерінен «Туймаада» халықаралық олимпиадасы 1993 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button