Бас тақырыпРесми

Мемлекет басшысы қазан айында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде айтты.

Сурет Ақордадан

Президент өз сөзінде Қазақстанның тарихи өрлеу кезеңіне қадам басқанын атап, елде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларға тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жаңа Конституция қабылданып, мемлекеттік институттарды жаңарту бағытында бірқатар маңызды қадам жасалды. Сондай-ақ Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп, Үкіметтің жаңарған құрамы жұмысқа кірісті. Вице-президент тағайындалып, Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының жаңа құрамы жасақталды.

«Негізгі мемлекеттік институттар толық жаңартылады. Бұл шаралар жүзеге асырып жатқан кешенді реформаларымыздың ажырамас бөлігі. Конституцияның 46-бабына сәйкес, қазан айында Қазақстан халқына Жолдауымды жариялаймын. Онда алдағы кезеңге арналған мақсаттар мен міндеттерді айқындаймын», – деді Президент.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Фотоға түсініктеме: Ақорда

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button